Үстіміздегі жылдың 29 наурызында Қазақстан Республикасы Президенттің қатысуымен Парламент Сенатының отырысы өтті. Жаңа құрамдағы VІІІ шақырылымдағы ҚР Парламенттінің бірінші сессиясында ҚР президенті Қ.К.Тоқаев сөз сөйледі.
Мемлекет басшысы бір жылдың ішінде еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде болған негізгі өзгерістерге тоқталып, жүзеге асырылған реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделгенін атап өтті.
– Бұл қағида – мемлекетіміздің басты тірегі. Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кірістік. Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды бес саяси науқан өткізілді. Оның бәрі аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Қаншалықты күрделі болса да, біз еліміз үшін өте қажет жолды қысқа мерзім ішінде жүріп өттік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы сайланған депутаттарды ел мүддесі үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырып, Еліміздің өркендету жолында жасалатын өзгерістер әлі де жалғасатынын айтты.
Алдымызда тұрған негізгі мақсат – еліміздегі тұрақтылықты, қауіпсіздікті сақтап қалу, Қазақстанның жарқын болашаққа қарай қарқынды дамуына жол ашып беру екенін атап өтті. Келесі жылы барлық саладағы реформалар жалғасын табатынын жеткізді. Бұл бастамалар азаматтарымыздың өз құқығы мен еркіндігін қорғауына жаңа мүмкіндік береді. Конституциялық соттың мұндай моделі дамыған елдердің көпшілігінде қолданылады және Конституцияның үстемдігін орнатуға ықпал етеді.

Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Тарих»
кафедрасының профессоры,тарих ғылымдарының кандидаты

БӨЛІСУ