Жалағаш ауданы бойынша 2023 жылы орналастырылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес 37 052 гектарға егiн орналастыру жоспарлануда.
Оның ішінде негізгі дақыл күріш – 19800 га, бидай-750 га, қант құмайы – 70 га, арпа – 70 га, соя-35 га, мақсары – 520 га, сүрлемдік жүгері-700 га, сұлы – 5 га, қант қызылшасы – 2 га, жаңа жоңышқа – 4850 га, ескі жоңышқа – 7200 га, картоп – 646 га, көкөніс – 1108 га және бақша өнімдері – 1296 га.
Шаруашылықтар тарапынан 2023 жылғы егін орналастыруға қажетті 4950 тн күріш, 120 тн бидай, 0,6 тн сұлы, 13 тн мақсары, 12 тн арпа, 4 тн соя, 1 тн қант құмайы, 15 тн жүгері, 44 тн жоңышқа тұқымдарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылдың егісі үшін қажетті 4950 тн күріш тұқымының бүгінгі күні 4600 тн (92,9%) тазартылды. 2023 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 10810 тн(бүгінгі күнге 7124 тн дайын немесе 65,9%), гербицидтер 24060 литрді құрайды. Көктемгі егісті орналастыру жұмыстарына аудан бойынша 887 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысады деп жоспарлануда.
Көктемгі егін орналастыру жұмыстарына бүгінгі күнге дейін 53 шаруашылық операторлармен келісім-шартқа отырып, 961,22 тн дизел жанармайын алған. 2023 жылғы егін орналастыру жұмыстарына 6700 млн. теңге қаржы жұмсалады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда шаруашылықтарда 5146,6 млн теңге немесе 76,8 пайыз бар.
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы құрылымдарында барлығы 1117 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Атап айтқанда, 780 гектар жаңа жоңышқа, 182 гектар бидай, 155 гектар мақсары дақылдары егілді.
Көктемгі егін орналастыруға дайындық жұмыстары толығымен бақылауға алынып, қадағалануда.