Skip to content

АӘК КӨПКЕ КӨМЕК

АӘК алған 94 мыңнан астам отбасы өткен жылы кедейлік жағдайынан шықты.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 2021 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 94 142 отбасы 2022 жылы кедейлік жағдайынан шықты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

АӘК мыналарды көздейді:

– табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау (отбасының әрбір мүшесіне айына орта есеппен 12 160 теңге);

– Табысы аз отбасылардағы 1 жастан 6 жасты қоса алғандағы әр балаға 1,5 АЕК (5 175 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру;

– жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

2022 жылы АӘК алушылар саны 141,5 мың отбасын (728,7 мың адам) құрады, осы жылдың 1 наурызында 84,7 мың отбасы АӘК (444,9 мың адам) алды.

Өңірлік бөліністе өткен жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылардың ең көп саны Түркістан облысында – 34,9 мың отбасы немесе 24,7%, Шымкент қаласында – 16,5 мың отбасы немесе 11,7%, Қызылорда облысында – 12,1 мың отбасы немесе 8,6%, Алматы облысында – 10,7 мың отбасы немесе 7,5%, Жамбыл облысында – 9,2 мың отбасы немесе 6,5%, Жетісу облысында – 8 мың отбасы немесе 5,6% тіркелген.

АӘК тағайындауларының ең аз саны Ұлытау облысында – 654 отбасы немесе 0,5%, Атырау облысында – 1,2 мың отбасы немесе 0,8%, Солтүстік Қазақстан облысында – 2 мың отбасы немесе 1,4%, Ақмола облысында – 2,6 мың отбасы немесе 1,8% тіркелген.

АӘК алушылардың құрылымында басым көпшілігі балалардың үлесінде – 64,2% немесе 468,1 мың адам. 16,4% немесе 119,3 мың адам – жұмыс істейтін азаматтар; 12,5% немесе 91 мың адам – балаларға, қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын адамдар; қалған 6,9% – азаматтардың басқа санаттарына тиесілі.

Қабылданған шаралардың, әсіресе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартудың нәтижесінде 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 141,5 мың отбасы, өз өмірін қалыпқа келтіру үшін берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланған 94,1 мың отбасы кедейлік жағдайынан шықты. 2021 жылы АӘК алған 198,4 мың отбасының 51,4 мыңы кедейлік жағдайынан шықты.

БӨЛІСУ

Designed using Hoot Business. Powered by WordPress.