Президенттің атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.

 Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев өз құттықтауында ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары ортақ қазақ және өзбек халықтары Рамазан айын бейбітшілік пен тыныштықта, өзара құрмет пен бірлік рухында қарсы алып жатқанын жазды.

«Осынау қасиетті күндері мен Жаратушыдан Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еліңізді дамытып, көркейту жолындағы қызметіңізге табыс, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін», – деп жазылған Өзбекстан Президентінің жеделхатында.

✉️ Сонымен қатар Мемлекет басшысын Сауд Арабиясының Королі – Қос киенің сақшысы Салман бен Әбделазиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Королінің Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, БАӘ Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Қатар Әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Иран Президенті Ибрахим Раиси, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Қатар Мемлекеті Әмірінің орынбасары Абдалла бен Хамад Әл Тани, Марокко Королі VI Мұхаммед, Кувейттің Тақ мұрагері Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах, Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед Юнис Әл Манфи, Палестина Мемлекетінің Президенті Махмуд Аббас құттықтады.

БӨЛІСУ