Сегізінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы ауылдарға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді. Өзінің сөйлеген сөзінде Президент: “Ауыл шаруашылығы кооперативтері халыққа қызмет көрсету және өнім өткізу үшін құрылады. Оларға құрал-жабдық және техника сатып алу үшін субсидия беріледі. Осы мақсатқа 1 триллионға жуық теңге бөлінеді. «Ауыл – ел бесігі», «Ауыл аманаты» жобалары ауылды дамытуға арналған жаңа тұжырымдамаға арқау болуға тиіс. Топырақтың құнарын сақтап, оны жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану үшін бақылауды күшейту маңызды. Өнім көлемін арттыруға және оны әртараптандыруға баса мән берген жөн. Ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларға сапалы заңдар қажет”, – деп нық айтып өтті.
Ауыл шаруашылығы саласын қарқынды дамытуға ерекше мән берілгендігі бізді қатты қуантты. Өйткені ауыл – барлығымыздың туып өскен алтын бесігіміз. Қазіргі халқымыздың көп бөлігі сол ауылда тұрып жатыр. Ауылды өркендету – ұлттық экономикамыз бен мәдениетімізді жаңғыртудың тірегіне айналады. Сондықтан, Қазақстанның әрбір азаматы Президент алға қойған міндеттерді орындауға белсене атсалысуы тиіс деп ойлаймын.

Манзура Абдугафарова,
Қызылорда облыстық Өзбек этномәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары, Аналар кеңесі төрайымының орынбасары

БӨЛІСУ