Еліміз соңғы 1 жылға жуық уақыттың ішінде қанша күрделі болса да үлкен конситуциялық реформаларды жүріп өтті. Өте маңызды 5 саяси науқанды өткіздік. Оның қатарында жуырда өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы да бар. Шынайы бәсекелестік жағдайында жаңадан сайланған Парламенттің жұмысын құруда тың бағдар, жаңа міндеттерді қалыптастыру жөнінде қоғам тарапынан жиі көтеріліп, айтылып келе жатқандығы анық. Міне, сегізізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің І сессиясына қатысқан Мемлекет басшысының сөзінен барша ел осындай бағытты күтті. Ел асыға күткендей, Президент өз сөзінде елдің саяси-экономикалық, қоғамдық-құқықтық және әлеуметтік-мәдени бағдарын айқындайтын қадау-қадау мәселелерді жан-жақты саралап, Парламент депутаттарына ел мүддесін көздейтін экономикалық бағдар ұстанып, құқықтық міндеттің, қоғамдық және өңірлік дамудың тың мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ұсынды.
Президент төмендегідей бірқатар мәселелерді:
БІРІНШІ. Іскерлік белсенділікті ынталандыру қажеттігін;
ЕКІНШІ. Еліміздің өндірістік әлеуетін барынша арттырудың маңыздылығын;
ҮШІНШІ. Инфрақұрылымды дамытуға қатысты ұстанымдарды қайта қарауды;
ТӨРТІНШІ. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беруді;
БЕСІНШІ. Адам капиталының сапасын барынша арттыру қажеттігін;
АЛТЫНШЫ. Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарды қолдау – басты міндеттің бірі екендігін;
ЖЕТІНШІ. Адам құқығын қорғау жүйесін нығайтуды жалғастыру қажеттігін;
СЕГІЗІНШІ. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін және стратегиялық жоспарлаудың сапасын арттырудың маңыздылығын және сайлауалды бағдарламалардың орындалуы тиістігін нақты атап өтті.
Президенттің сөзін жалпы тарқатып айтар болсақ: – «Қазақстан-2050» стратегиясын» түбегейлі қайта қарауды,
-Министрлерді шешім қабылдауда өзіне жауапкершілік алуға шақырды,
-Шетелге заңсыз шығарылған активтерді кері қайтару туралы жаңа заң қабылдау қажеттігін,
– Қазақстанның халық әртісі атағы қалпына келтіріледі. Марапат Республика күні беріледі.
– Парламенттің жалпы отырыстарын телеарнадан тікелей эфирде көрсету қажет.
– Жаңа құрам бекітілгенге дейін Үкімет өз міндетін атқарады.
– Премьер-Министрдің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынады.
-Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау өтеді.
-Жарты миллионнан астам отбасына арнаулы жәрдемақы төленеді.
-Мемлекеттік және арнаулы жәрдемақылар орта есеппен 14,5 пайызға өседі.
-Спорт саласын өркендетуге меценаттардың әлеуетін пайдалану қажет.
-Ең бастысы, мемлекеттік қолдауға ие болатын жобаларды іріктеу ашық өтуге тиіс.
-Ішкі нарыққа бағытталған өңдеу өнеркәсібін дамыту қажет.
-Ұстаздарға қойылатын талап жоғары болуы тиіс.
-Ірі кәсіпорындар қазынаға көбірек төлем түсіруі керек.
– Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне 1 трлн теңгеге жуық қаржы бөлінеді.
-Алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін. Сондықтан, оның алдын алу шараларын қабылдау қажет. Қазір Үкімет Су кодексінің жаңа жобасын әзірлеуде.
-Адам саудасына тосқауыл қою үшін арнайы заң қабылдаған жөн.
-Ғылыми жаңалықтарды өндірісте пайдалану қажет. Ғылымды жан-жақты дамыту үшін жаңа заң қабылдау керектігін атап көрсетті.

 

РУСЛАН РУСТЕМОВ

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

БӨЛІСУ