Бүгін VIIІ шақырылымдағы Жаңақорған ауданы мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сардармухаммедуали Садықов, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері және мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты.

Сессия жұмысын аудандық сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Сардармухаммедуали Садықов ашып, аудан мәслихатының VIІI шақырылым депутаттарының жаңа құрамымен таныстырып, төсбелгі мен куәлік табыстап, жаңа құрамға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аудан мәслихатының төрағасы болып бір ауыздан Ғалымжан Жарқынбекұлы Сопбеков сайланды.

Аудан мәслихатының VIIІ шақырылымының бірінші сессиясын әрі қарай мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбекұлы жүргізіп отырды.
Сессия барысында аудан мәслихатының жанындағы тұрақты комиссиялардың құрамы мен төрағалары белгіленді.
Бюджет, экономика, құрылыс, өнеркәсіп, көлік, байланыс, ауыл шаруашылығы, коммуналды шпруашылық, сауда, кәсіпкерлік мәселелелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағалығына депутат Амалбеков Жасұлан Бекенұлы;
Халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, жастар, заңдылық пен азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағалығына депутат Тұрлыбеков Жаңабек Оразбекұлы.

Келесі мәселе – «Amanat» партиясының аудан мәслихатындағы фракциясының жетекші Орынбасарова Құралай Үсенқызы «Amanat» партиясы депутаттық фракциясының тізімін тіркеуді ұсынып, шешім қабылданды.
Сессия отырысының соңында аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы сөз алып, VIIІ шақырылған аудан мәслихатының жаңа құрамына жетістік пен табыс тілеп, ауданның әлеуметтік – экономикалық өсіп-өркендеу жолында атқарушы және уәкілетті органмен тығыз байланыста жұмыс жасауына тілектестігін білдірді.
Осымен Жаңақорған аудандық мәслихаттың кезекті бірінші сессиясы өз жұмысын аяқтады.

Сонымен, аудан мәслихатының VIІI шақырылымының депутаттарының жаңа құрамы:
№1 «Сунақата» сайлау округі бойынша Орынбасарова Құралай Үсенқызы;
№2 «Төменарық» сайлау округі бойынша Бибасарова Лаура Әбілханқызы;
№3 «Шалқия» сайлау округі бойынша Берділлаев Бақыт Бексұлтанұлы;
№4 «Бесарық» сайлау округі бойынша Тұрлыбеков Жаңабек Оразбекұлы;
№5 «Келінтөбе» сайлау округі бойынша Сұлтанбеков Бағлан Тайланұлы;
№6 «Түгіскен» сайлау округі бойынша Мамбетов Арман Сержанұлы;
№7 «Өзгент» сайлау округі бойынша Үсенов Изатулла Ергешұлы;
№8 «Қыркеңсе» сайлау округі бойынша Нәлібаев Әлібек Машбекұлы;
№9 «Санаторий» сайлау округі бойынша Маликова Ақмарал Орманәліқызы;
№10 «Стадион» сайлау округі бойынша Досантаев Данияр Асайнұлы;
№11 «Мәдениет» сайлау округі бойынша Мырзабаев Серік Әбдіжаппарұлы;
№12 «Мектеп» сайлау округі бойынша Әбдімәуленов Жандос Жүмәділләұлы;
№13 «Ипподром» сайлау округі бойынша Сопбеков Ғалымжан Жарқынбекұлы;
№14 «Арман» сайлау округі бойынша Құтыбаев Мейіржан Рахымұлы;
№15 «Әлшекей» сайлау округі бойынша Амалбеков Жасұлан Бекенұлы.

БӨЛІСУ