Қызылорда облысында «Көктем – 2023» республикалық командалық-штабтық оқу –жаттығуы өткізілді
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау іс-қимылдарына азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында 2023 жылғы 2 наурыз күні «Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Осындай оқу-жаттығудың облыстық кезеңі Шиелі ауданында ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығу барысында жергілікті уақытпен 07.00-де «Дабыл-1001» сигналы түсті. Оқу-жаттығуды бақылау мақсатында Шиелі ауданының азаматтық қорғау қызметтерінің және шұғыл әрекет ету жасақтарының күш-құралдарының әзірлігін Шиелі ауданының әкімі Ахатов Нұржан Сәбитұлы және Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ибрагимов Нұрсұлтан Жаңабайұлы қарап, тексерді. Оқу-жаттығуға 180 жеке құрам және 60 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар оқу-жаттығуға азаматтық қорғаудың облыстық қызметтерінің өкілдері де қатысты.
Жылжымалы басқару пункті арқылы «Көктем-2023» РКШОЖ басшылығының штабымен және Төтенше жағдайлар министрлігімен телефон байланысы және бейнеконференц байланысы ұйымдастырылды.
Мұндай оқу-жаттығу Қызылорда облысының барлық аудандарында және Қызылорда қаласында өткізілді. Жалпы облыс бойынша оқу-жаттығуға барлығы 1933 жеке құрам мен 535 бірлік техника жұмылдырылды.
Қызылорда облысы ТЖД