Президент тапсырмасына сәйкес, алдағы үш жыл ішінде Қызылорда облысында 51 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Бұл – өңірдегі білім беру инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
2023-2024 жылдары жалпы сомасы 3 млрд. 269 млн теңгеге 9 мектептің ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Ал 2025 жылы облыстық бюджеттен 2 млрд. 400 млн теңге бөлініп, тағы 9 мектеп қайта жаңғыртылды. Бұл білім ордалары қазіргі заман талаптарына сай жаңартылып, оқушылар мен ұстаздар үшін қолайлы орта қалыптастырылды.
Сонымен қатар, 2023 жылдан бері 74 мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2 млрд. 131 млн теңге бөлінді. Бұл мектептердегі ұсақ-түйек ақауларды уақытылы қалпына келтіруге мүмкіндік беріп, оқу процесінің үздіксіз әрі сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуде.
