Соңғы жылдары Сыр өңірінде Мемлекет басшысының және Үкіметтің тікелей қолдауымен білім беру саласында жүйелі жұмыстар қолға алынып, ірі жобалар іске асырылуда. Бұл бастамалар аймақтың болашағына деген сенімді нығайтып, жас ұрпаққа сапалы білім алуға мүмкіндік беруде.

2023-2024 жылдары өңірдегі білім беру сапасын арттыру мақсатында бюджеттен 584 млрд 445 млн теңге бөлінді. Ал 2025 жылы бұл салаға 346 млрд 800 млн теңге қарастырылып, бұл облыс бюджеттің 40 пайызына тең болды. Мұндай ауқымды инвестиция – білімге деген басымдықтың айқын дәлелі.

Үш жыл ішінде (2023-2025 жж.) өңірде 82,3 млрд теңгеге 32 жаңа білім нысаны пайдалануға берілді. Бұл жобалар заманауи білім инфрақұрылымын қалыптастырып, оқушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам болды.

БӨЛІСУ