Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесі бойынша мәжіліс өтті.

Мәжілісте ірі қара, жылқы, түйе секілді ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары талқыланды.

Елімізде үй жануарларының қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары тиылмай тұр. Осыған орай, елді мекендерде малды кезекпен немесе пада арқылы бағуды ұйымдастыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

 Сондай-ақ, жиында аудандық ветстанция мен ауылдық округ әкімдері бірлесіп, жануарларды тіркеу, сырғалау, бірдейлендіру, таңба басу жұмыстарын жүйелі жүргізу тапсырылды. Сонымен бірге, жиында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту міндеттелді.

БӨЛІСУ