Қызылордада жазасын өтеушіге нан ішіне телефон жасырып өткізбек болған.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыға қысқа мерзімді кездесуге келген танысының алып келген сәлем-сауқаттарын мекеме қызметкерлері тексеру барысында нанның ішіне жасырылған REDMI ұялы телефонын тауып, тәркіледі.
Ұялы телефонды анықтау және тәркілеу деректері бойынша ҚР АҚК-нің 481 бабына сәйкес хаттама толтырылып, құжаттары сотқа дайындалуда.