Қызылорда қаласы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар басқармасы бірлесіп, су айдындарының аумағына күнделікті аралау жұмыстарын жүргізуде.
Негізгі мақсат – судағы қайғылы жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Кезекті аралау барысында Тасбөгет су тазарту станциясына дейінгі өзен бөлігі, КБИ ден Бәйтерекке өтетін автокөлік көпірінің тұсы, Тасбөгет – Қарауылтөбе аралығы қамтылып, тұрғындарға бұл аумақтарда суға түсу қауіпті екені түсіндірілді.
Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жақындарыңыздың амандығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.