Базарларды жаңғырту мәселелері бойынша құрылған жұмыс тобы сауда орындарындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сәулет-құрылыс және аумақты күтіп ұстау стандарттарының орындалуын қамтамасыз ету бағытында бірлескен шаралар қабылдауда.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері тарапынан базар маңында рұқсатсыз сауда жасаған тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, заңға сәйкес шаралар қабылдануда.

Айта кету керек, өткен жылдан бастап қаладағы сауда базарларын жаңғырту жұмыстары жүзеге асуда. Атап айтқанда, бүгінде «Сұлтан» базарын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ, қала аумағында орналасқан басқа да әмбебап сауда базарларына жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады.

БӨЛІСУ