Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі №33 орта мектеп ғимаратын аралап көрді. Айта кетейік, бұл білім ошағы 2024 жылы күрделі жөндеуден өткен болатын.
«Мемлекет тарапынан жасалған қолдау – ел игілігіне қызмет етуі керек. Өткен жылы мектеп күрделі жөндеуден өтті. Бұл – білім беру саласына Мемлекет тарапынан жасалған нақты қолдаудың көрінісі. Енді бұл білім ордасы ұзақ жылдар бойы өңірдің болашағы – жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге қызмет етуі тиіс. Балалардың заманауи талаптарға сай білім алуына барлық жағдай жасалуы қажет», – деді А.Ибраимов.
Аудан әкімі күрделі жөндеуден кейінгі ғимаратты талапқа сай күтіп ұстау, ұзақ жыл бойы сапалы қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, барлық білім ошақтары жаңа оқу жылына дайындықты күшейтуді тапсырды.