Аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаевтың төрағалығымен көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының қорытындысы туралы комиссия отырысы өтті.

Мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын ұйымдастыру, кәмелет жасқа толған 18-27 жас аралығындағы жастарымызды әскери борышын өтеуге жіберу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі.

Жиында көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының қорындысы туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының міндетін атқарушы Е.Бодыбаев хабарлама жасады.

Комиссия отырысының мақсаты – азаматтардың денсаулығын, білімін, отбасы жағдайын және басқа да дәлелді себептерді анықтап, әскерге азаматтарды іріктеуді сапалы жүргізу. Көктемгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстары барысында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мен қала, кент және ауылдық округ әкімдері тарапынан кеткен кемшіліктер талқыланды. Азаматтарды есепке алуда сапасыз жүргізілген жұмыстар салдарынан әскерге жарамсыз тұрғындарды әуреге салу деректері орын алған.

Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруда зерледеу жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізіп, қорытындысы бойынша тиісті мекемеге сапалы мәлімет ұсынып отыру маңызды.

Аталған мәселе бойынша бірқатар кемшіліктерді назарға алған аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамед Омарұлы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, мәселені тікелей бақылауында ұстайтындығын жеткізді. Іріктеу жұмыстары сапасыз жүргізілген жағдайда жауапты тұлғаларға шара көрілетінін атап өтті.

БӨЛІСУ