Қызылорда қаласына қарасты Қызылөзек ауылдық округіндегі «Қожақ» автомобиль көпірі өткен ғасырдың алпысыншы жылдары салынып, бүгінде тозығы жеткен, қатынасқа қауіпті нысанның біріне айналған еді.
Тұрғындар осы көпірге күрделі жөндеу жүргізуді талай рет айтып, мәселе көтерген болатын. Ел сөзі елеусіз қалмай, оның жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат бөлінді. Қазір мердігер “N Строй Сервис” ЖШС-гі өткелдің құрылысын жоспарға сай жүргізуде. Округтің Қараөзек ауылына апаратын негізгі қақпасы саналатын «Қожақ» көпірінің ұзындығы 24 метрді құрайды.