Бүгін облыстық мәслихат төрағасының уақытша міндетін атқарушы, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың төрағалық етуімен мәслихаттың кезекті 24 сессиясы өтті.
Сессия жұмысына облыс әкiмiнің уақытша міндетін атқарушы Д.Жаналинов, облыстық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының басшысы, облыстық басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысты.
Күн тәртібінде:
1. «2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы»;
2. «Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының есебі туралы»;
3. «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 130 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4. «Қызылорда облысы аумағында жұмыс берушілер жалға берілетін тұрғынжайлар салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімін бекіту туралы»;
5. «Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы»;
6. «2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»;
7. «Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 179 шешіміне өзгеріс енгізу туралы 7 мәселе қаралды.
Айта кетсек, сессия алдында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында күн тәртібіне ұсынылған 7 мәселе жан-жақты талқыланып, егжей-тегжейлі қаралған болатын. Соған сәйкес, сессияда депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті шешімдер қабылданды.