«Мерей» су алу құрылымының таза су жинау резервуарларына және «Ақмешіт», «Мерей» мөлтек аудандарының орталықтандырылған ауыз су жүйелеріне кезектен тыс жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 9 шілде күні сағат 22.00-ден бастап 24.00-ге дейін «Ақмешіт», «Мерей» мөлтек аудандарында ауыз су беру уақытша тоқтатылады.

Ауыз суды пайдаланар алдында кранды ашып хлордың иісі толық кеткенше ауыз суды пайдаланбауды сұраймыз.

Ведомстволық мекемелерде 2025 жылдың 10 шілде күні сағат таңғы 06.00-ден бастап хлордың иісі толық жойылғанға дейін суды ағызуға жауапты кісілерді бекіту қажет.

БӨЛІСУ