Облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ысқақ, Ә.Шаймағамбетов, М.Нәлібаев, Г.Мұсаева, А.Әбибуллаева,

Б. Сандыбаев, С.Мұстафа, Е.Искендер, Ж.Ембергенов мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес, Қызылорда облысында орналасқан лагерлердің жұмыс жағдайымен танысу мақсатында Сырдария ауданында болды.
Облыстық білім басқармасы басшысы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Б.Есенбаев, аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов және аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушевпен бірге алдымен Тереңөзек кентіндегі «Жалын» тынығу лагеріне барып, жаз мезгілінде балалардың демалысын ұйымдастыру бағытындағы жұмыс барысы және материалдық-техникалық базасымен танысты.
1988 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқан лагерде түрлі бағыттағы мәдени, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, тәрбие жұмыстары жүргізілуде. 1 ауысымда 130 бала, 7 ауысымда 910 оқушы тынығады.
Өз кезегінде облыстық мәслихат депутаттары тарапынан тиісті сала мамандарына балалардың уақыттарын тиімді ұйымдастырып, жазғы демалыс кезінде сауықтыру шараларымен қамтамасыз ету және қауіпсіздік пен тәрбие жұмыстарының жоғары деңгейде ұйымдастырылуы қажет екендігі айтылды.

БӨЛІСУ