Байқауға қатысуға Қызылорда қаласы,оған қарасты кенттер мен ауылдық округтерден 36 отбасы өтініш білдірді. Комиссия отбасылық құндылықтарды берік ұстанған 25 отбасыны іріктеді. Оның ішінде 2 отбасының құжаттары облыстық кезеңге жолданды.

Байқаудың мақсаты — отбасы институтын нығайту, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарды және қазақстандық отбасының жағымды имиджін кеңінен насихаттау.

Конкурс ел Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурс 2 кезеңде өтеді: бірінші кезең — қалалық, екінші кезең — облыстық.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының  адамгершілік, ізгілік, отбасылық құндылықтарын жаңғырту, неке мен отбасы институтының қоғамдағы беделін арттыру, сондай-ақ отбасы келбетінің оң үлгісін кеңінен насихаттау.

БӨЛІСУ