Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры 70-ші маусымын аяқтады. Бұл маусым тарихи кезең мен шығармашылық табыстарға толы жыл болды.

70-ші театр маусымында көрерменге жеті жаңа қойылымын Х. К. Андерсеннің “Ұсқынсыз үйрек” қуыршақ қойылымы, Ә.Асановтың “Өз-аға” деректі драмасы, А.Н. Островскийдің “ Найзағай” драмасы, Э.Р. Распенің “Мюнхгаузеннің әлемі” балаларға және ересектерге арналған буффонада ертегісі, Ә.Тауасаровтың “Аюдың апаны” драмасы, Лаша Табукашвилидің «Арманымның ақ құсы» мелодрамасы және “Бір толқын” концерт-спектаклін сахналады. Қойылымдар заманауи сахналық шешімдер мен көркемдік тәсілдер арқылы жоғары деңгейде ұсынылды.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында театр ұжымы кәсіби белсенділік танытып, бірқатар шығармашылық табыстарға қол жеткізді. Әртістеріміз түрлі деңгейдегі байқаулар мен мәдени іс-шараларда биіктерден көрініп, өнер жолындағы жоғары жетістіктерімен ерекшеленді. Бұл кезең театр ұжымының табанды еңбегі мен шығармашылық ізденісінің жарқын көрінісі болды.
Сонымен қатар, театр 70 жылдық мерейтой аясында «Сырдың Сәбирасы – І» атты халықаралық деңгейдегі фестивалін атап өтті.

Маусымының жабылуына орай, жаңа форматта, жаңа жоба “Бір толқын” атты концерт- спектакльдің премьерасы ұсынылып, артистер көрерменнің зор қошеметіне бөленді.

Құрметті өнерсүйер көрермен театр ұжымы өзінің кезекті еңбек демалысына шықты. Келесі маусымда жүздескенше сүйікті көрермен!

БӨЛІСУ