Шиелі ауданы әкімдігі мен Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бірлескен рейдтік тексеріс өткізді.

Қызылорда облыстық мәслихатының №112 шешімімен бекітілген абаттандыру қағидалары барлық азаматтар үшін міндетті болып табылады. Бұл қағидаларда аумақты таза ұстау, ғимараттардың қасбеттерін күтіп-баптау, қоқыс шығару тәртібі мен қауіпсіздік талаптары нақты көрсетілген.

Аралау барысында автокөлік жуу орындарына тексерулер жүргізіліп, қоршаған ортаға әсерін анықтау мақсатында арнайы сынамалар алынды. Алдағы уақытта зертханалық қорытынды негізінде қоршаған ортаға кері әсері анықталған жағдайда қатаң шаралар қабылданып, айыппұлдар салынатын болады.

Абаттандыру мен санитариялық талаптарды сақтау – тек мекемелер мен кәсіпкерлердің ғана емес, әрбір тұрғынның азаматтық міндеті екенін еске саламыз.

БӨЛІСУ