Ағымдағы жылдың 19 маусымында дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу жөнінде арнаулы комиссияның кезекті отырысы өтті.

​Комиссия отырысында тізілімге қосу үшін қабылданған 23 кәсіпкердің өтінім мен құжаттары қаралып, нәтижесінде 10 кәсіпкерді тізілімге енгізуді мақұлдау тұжырымдалды.

​Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін алуға өтінімнің басым бөлігін – І-санат бойынша қоғамда әлеуметтік осал топтағы азаматтарды жұмыспен қамту мәселесін шешуге атсалысып жүрген кәсіпкерлер берген.

​Бүгінде елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті орнықты дамытуды мақсатты әрі жүйелі негізде қолдап, өркендетіп келеді.

Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне 1094 субъекті енгізілген болса, оның ішінде 44 кәсіпкер облыстың үлесінде.

Бұл кәсіпкерлер мемлекет тарапынан қаржылық, инфрақұрылымдық және консультациялық қолдау алу мүмкіндігіне ие.

БӨЛІСУ