26  маусым- халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай  орай жастар арасында есірткі қолданудың алдын алу мақсатында “СЕНІҢ таңдауың – СЕНІҢ болашағың” атты семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға есірткінің адам ағзасына зияны, оның әлеуметтік және психологиялық салдары, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Семинарды Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының наркологиялық қызметі бойынша психолог- педагог маманы Төлеубай Аяжан Алтынбекқызы жүргізіп, есірткіге тәуелділіктің алдын алу жолдары мен оның психологиялық аспектілеріне тоқталды.

Тренинг еркін форматта өтіп, қатысушылар пікір алмасып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Шара жастарға үлкен әсер қалдырып, есірткіден аулақ болуға, саналы таңдау жасауға үндеді.

БӨЛІСУ