Ауыз суды тиімді пайдалануды қадағалау, су пайдалану ережелерін бұзу және бақшаларды заңсыз суару фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Бұл қадам ауыз су беру жүйесіне түсетін жүктемені төмендетуге және соның салдарынан туындайтын мәселелерді болдырмауға, сумен жабдықтау желілеріндегі қысымды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі аралау жұмыстарында тұтынушылардың бірқатарында су есептегіш құралдарының істен шыққаны анықталды. Соның негізінде тұрғындар ауыз суды есепсіз пайдаланып, бақшаларды суарып келген деректері тіркелді.

Ал, ауыз судың болмау дерегі анықталған үйлер бойынша сала мамандары ақаудың туындау себебін зерделеуде.

Қазір мамандар суды үнемдеудің бірнеше жолын ұсынып отыр. Тұтынушылардың суға, суаруға, ауыз суға ұқыпты қатынасын қалыптастыруға әсер ететін факторлардың ең негізгісі – тариф. Тұрғындардың тұрмысына да, көңіл күйіне де әсер ететін бұл мәселеде монополия субъектісі бір жақ, тұтынушы бір жақ болып түсіністікке келе алмай жатады.

Мекемеге тұтынушылардан түскен ақшаға тиісті құрал-жабдықтан бастап  ұсақ-түйеккке дейін сатып алынады. Жүйеде жиі кездесетін апаттар барлығының сақадай сай болғанын талап етеді. Соңғы бес жылда тауарлар мен қызметтердің қаншалықты қымбаттағаны белгілі. Ауыз суды бұдан әрі ескі бағамен ұстап отыру күннен күнге қиындап барады.

Себебі, 2020-2024 жылдарға орташа тариф 62,70 – 82,58 теңге аралығында бекітілгеннен, 2023-2024 жылдары кәсіпорын 63,48 теңге орташа тарифпен жұмыс жасады.

Яғни Кәсіпорынның кірістілмеген шығыны ұлғайюда, соның салдарынан қызметкерлер жалақысын көтерілуіне, тиісті құрал-жабдықтарсатып алуына, тауар жеткізушелерге тиісті төлем жасауына әсер етіп отыр.

Нарық ырыққа көнбей тұрған уақытта мекеме 5 жыл бойы ескі тарифпен жұмыс жасап келді. Басқа облыстардың су тарифін қымбаттатып жібергені қашшан.

Шикiзат және материалдар, энергия, отын, жанар жағар май, реагент, сұйық хлордың, тағы басқа қажеттіліктердің бағасы қымбаттаған.

         Еңбекті қорғау, қауіпсіздік және арнайы киім мен тамақ, қызметкерлерді, көліктерді және экологиялық сақтандыру шығындары да өскен.

Су көтеру ұңғымаларын және кәріз су нысандарын күрделі жөндеуден өткізу, жарамсыз ұңғымалардың қоршаған ортаға кері әсерін болдырмау және жер қойнауын күтіп ұстау үшін жою жұмыстарын жүргізу қажет.

Кез келген тарифтің өсуін тұтынушылар ауыр қабылдайтыны белгілі. Бұл бір күндік шешім емес, әбден сараптан өткен соң қабылданып отыр.

Соның өзінде, Қызылорда қаласындағы су беру мен бұру қызметіне тарифы басқа өңірлер мен қалалар арасында алдыңғы орындарда емес.

БӨЛІСУ