Жүргізіліп жатқан кадр саясатын жаңғырту жәнемедициналық көмектің сапасын арттыру шеңберіндеДенсаулық сақтау министрлігі біліктілік деңгейлерін береотырып, денсаулық сақтау мамандарын сертификаттаудыңжаңа жүйесін енгізді.

«Бүгінде 50 мыңға жуық маман, соның ішінде 20 000-нан астам дәрігер, орта медициналық персоналдың 30 000-ға жуық өкілі біліктілік деңгейін бере отырыпсертификаттаудан өтті», – деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтаудың бірінші вице-министріТимур Сұлтанғазиев.

Біліктілік беру рәсімін жаңарту
Ашықтықты арттыруға, мамандарға әкімшілік жәнеқаржылық жүктемені азайтуға бағытталған біліктіліксанаттарын беру тәртібіне өзгерістер енгізілді.

Медицина қызметкерлерінің мынадай санаттары білімдібағалау және кейс-тестілеу кезеңдерінен өтуденбосатылады:
* біліктілік санатының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін өткен адамдар;
* мерзімсіз санатты қайта ресімдейтін медицина қызметкерлері;
* қолданыстағы біліктілік деңгейін растайтын мамандар.

Мейіргер ісі мамандарын қолдау
Техникалық және кәсіптік білімі бар, сондай-ақ «Мейіргерісі» мамандығы бойынша кейінгі орта немесе жоғары білімалған мамандар үшін бұрын берілген біліктілік деңгейісақталады. Бұл жұмыс өтілін ескере отырып қамтамасызетіледі және баламалы біліктілік санатына сәйкес келеді.

Медицина қызметкерлеріне қаржылық жүктеменіазайту
Министрлік мамандарды қолдау үшін мынадай шараларқабылдады:
қанағаттанарлықсыз нәтиже алған жағдайда емтихандыбірінші рет қайта тапсырған кезде төлемнен босату;
мейіргерлер үшін біліктілікті бағалау құнын төмендету — 21 000 теңгеден 17 000 теңгеге дейін.

Сертификаттаудың жаңа жүйесін енгізу медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға, үздіксіз кәсібидамуды қолдауға және халық үшін медициналық көмектіңсапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

БӨЛІСУ