Қала сыртындағы лагерлерден микробиологиялық көрсеткіштерге 29 тағам үлгісі, 135 шайынды, 13 ауыз су үлгісі алынып, сәйкессіздік анықталған жоқ. Шомылу маусымында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде микробиологиялық, паразитологиялық, вирусологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 11 су сынамасы зерттеліп, сәйкессіздік тіркелген жоқ. Санитариялық-химиялық көрсеткіштерге ас құнарлылығына 20 тағам үлгісі, 8 залалсыздандыру ерітіндісі алынып, сәйкессіздік анықталмаған.

Азық-түлік тағамдарын олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарымен қабылдануы, ас блогы қызметкерлерінің медициналық тексеруден және гигиеналық оқытудан өткеннен кейін ғана жұмысқа қосылуы, жеке медициналық кітапшаларының жұмыс орнында сақталуы бойынша қатаң талаптар қойылуда.
Лагерьге балаларды қабылдаудан бұрын облыстағы барлық лагерь аумағына профилактикалық дезинфекция, дезинсекция, дератизация жұмыстары толық жүргізілді.
Балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметкерлері үшін ішек инфекциялары, ботулизм және жаппай тамақтан уланудың алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қазіргі таңда лагерлердің барлық үй-жайлары мен аулаларына бірінші ауысымнан кейінгі жуып-шаю, профилактикалық дезинфекция, дезинсекция шаралары жүргізілді.
Облыстағы қала сыртындағы лагерьлердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы мен жазғы сауықтыру ұйымдарындағы балалардың жұқпалы аурумен сырқаттанушылығы бойынша апта сайынғы мониторинг жалғасуда.

БӨЛІСУ