Қызылорда қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында күшейтілген бақылау жұмыстары жалғасуда.

Қалалық полиция басқармасы жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауды, құжатсыз көлік басқармауды, жылдамдықты асырмауды және жаяу жүргіншілерге жол беруді қатаң ескертуде.
Кешегі рейд барысында 252 әкімшілік хаттама толтырылды.

Жол қозғалысының барлық қатысушылары – жүргізуші де, жаяу жүргінші де – қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс.

Ең алдымен қоғамдық көлік жүргізушілері (автобус, шағын автобус, минивэн) мен такси қызметін көрсетушілерге ерекше бақылау күшейеді. Техникалық жағдай мен жүргізушілердің құжаттары мұқият тексеріледі.
Бір айға созылатын бұл шаралар тек уақытша емес, жыл бойы жалғасатын жүйелі жұмыстардың бір бөлігі. Мақсат – жолдағы әрбір адамның өмірін сақтау.

Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі – бармашамыздың ортақ міндетіміз. Жазғы демалыс басталғалы, олардың түнгі мезгілде қоғамдық орындарда, көшелерде ата-анасыз жүру жағдайлары орын алуда. Бұл – алаңдаушылық туғызатын жағдай.

Осыған орай қала әкімдігі жанынан құралған мобильді топ күнделікті рейдке шығуда.

Мобильді топ пен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері түнгі уақытта ата-аналарсыз немесе заңды өкілдерсіз жүрмеу, жолда жүру ережелері, сондай-ақ қоғамдық орындардағы тәртіп туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Кеше қала көшелерінде және қоғамдық орындарда өткізілген түнгі рейд барысында құқық бұзған 21 жасөспірім анықталып, ата-аналарына хаттамалар толтырылды және ескерту жасалды.

Мұндай алдын алу жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

БӨЛІСУ