Бүгін аудан әкімі Мажит Самитов аудан бойынша су тапшылығына байланысты егістік алқаптарды аралады. Аралау барысында Жаңарық, Қыркеңсе, Қожакент ауылдық округтеріндегі судан қалу қауіпі бар күріш егістіктерінің жағдайымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ауданның ауылшарашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиевтің хабарламасын тыңдады. Ондағы жүйелі жұмыстарға баға беріп, алдағы уақытта су каналдарындағы кедергілерді жою жөнінде тапсырмалар берді.
Одан бөлек аудан басшысы Қожакент ауылдық округінде орналасқан Келінтөбе магистралды каналындағы #764 пикеттегі кезектесіп суғару шегарасында болды. Аудандық “КазСушар” өндірістік учаскесінің басшысы Ә.Ахметов ауылдық округтер шегіндегі кезектесіп суғару жүйесі туралы хабарлама жасады.
Аудан басшысы ауылдық округ әкімдері мен сала басшыларына ішкі су каналдарындағы кезектіліктерді жүйелі жүргізуді, қамыс – қоғалардан каналдарды тазартуды тапсырды.