Қызылорда облысында заманауи технологияларды қолдана отырып инвестициялық 10 жаңа жобаны жүзеге асыру басталады.

Биыл Қызылорда облысында инвестициялық 10 жаңа жобаның құрылысы басталады. Бұл туралы бүгін өңір әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев баяндады. Жобаларды жүзеге асыру облыста 400 қосымша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жобалар қытай технологиясы мен инвестициясын тарту арқылы жүзеге асырылады.

Негізгі бағыттардың қатарына кірпіш зауытының құрылысы, қағаз, картон, айна өндірістерін іске қосу, сондай-ақ қуаты 90 МВт болатын үш күн электр стансасының құрылысы кіреді. Тамақ өнеркәсібінде нан-тоқаш, макарон және кондитерлік өнімдерді өндіруді, сондай-ақ түйе сүтін, күріш пен тұзды өңдеуді жолға қою жоспарланып отыр.

Жобалар облыс әкімінің ҚХР-дың төрт өңіріне жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қол қойылған келісімдер негізінде жүзеге асырылуда. Келісімшарттардың жалпы сомасы 10,8 млрд теңгені құрады.

БӨЛІСУ