Аудан әкімі Мажит Самитов Жаңақорған кенті аумағындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойында орналасқан жаңа сервистік орталықтың құрылыс басына барды. Жобаның құрылтайшысы «Engineering & Construction Company» («ЕСС») ЖШС, жоба басшысы Ашимов Талғат.
Қазіргі заман талабына сай салынып жатқан қызмет көрсету кешенінде жолаушыларға барлық жағдай жасалынады. Мұнда 44 нөмірлі қонақ үйі, 70 адамға арналған тамақтану орны, 50 орындық монша, 50 орындық жолаушыларға қызмет көрсету бекеті және жанар жағар май бекеті қарастырылған.
Айта кету керек, алдағы уақытта бұл нысанда 20 дан астам аудан тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Бүгінгі таңға құрылыс жұмыстарының 85% аяқталды.
Сондай ақ, аудан басшысы осы «Engineering & Construction Company» («ЕСС») ЖШС нің Шалқия кенті аумағында орналасқан «Шалқия тас» ЖШС Асфальт зауытымен танысты. Бұл жобада дайын асфальт өнімдері шығарылады. Қазіргі уақытта қажетті құрал-жабдықтары алынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген. Жоба құны 700 млн. теңге. Бүгінгі таңға құрылыс жұмыстарының 88% аяқталды.