Күн тәртібіндегі басты мәселе «Жасыл ел» еңбек жасағының маусымдық жұмысының жүзеге асырылу барысы болды. Кеңес мүшелері бағдарламаның тиімділігін арттыру, жастардың маусымдық жұмысқа шақыртылу жұмыстарының жолдарын талқылады. Сонымен қатар, жобаға қатысты туындаған сұрақтар мен ұсыныстар ортаға салынды.

Кеңес жиынына «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, жастарды қолдау бойынша кеңестің мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, атқарушы орган мен БАҚ өкілдері және «Жастар Рухы» ЖҚ оқу орны бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.

Өңірдегі «Жасыл ел» еңбек жасағының маусымдық жұмысы туралы. Жоба аясында жастарды жұмысқа тарту және қабылдау, ақпараттық түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі, еңбек қауіпсіздігі мен техникалық қауіпсіздігі бойынша дайындығы, бюджеттік қамтамасыз ету және қажетті материялдық-техникалық базамен жабдықтау мәселесі, экологиялық бағыттағы нақты жұмыс нысандары мен жаспарланған іс-шаралар тізбесі, аудан/қала деңгейінде атқарылатын жұмыстар бойынша Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Уәлихан Ибраев тоқталып өтті.

«Қазіргі таңда Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда 400 жас елдімекендерді көркейту, көгалдандыру және абаттандыру секілді игі істерге өз үлестерін қосуда. Тіркелген сарбаздардың басым бөлігі студенттер мен оқушылар. Сарбаздарға «Жасыл ел» еңбек жасағының логотипі бейнеленген экипировкамен, яғни футболка, кепкі, қолғаппен қамтамасыз етілді. Жасылелдіктердің жалақысы айына 100 мың теңгені құрайды. Жұмыс барысында сарбаздар міндетті түрде әдістемелік нұсқаулықтармен таныстырылады. Облыстық және аудандық штабтардың жұмысын үйлестіру мақсатында 8 маман жаңа жұмыс орындары ретінде жұмыспен қамтылды» – деді Уәлихан Серікұлы.

Отырыс қорытындысы бойынша, «Жасыл ел» жастарды көркейту, көгаландыру және аббаттандыру жұмыстарына тарту» әлеуметтік жобасын жүзеге асырылу бойынша бірқатар нақты ұсыныстар қабылданды.

Айта кетейік, Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес отырысының қорытындысы бойынша арнайы хаттама әзірленіп республикаға жолданатын болады.

БӨЛІСУ