Өздеріңізге белгілі, бүгін аудан бойынша мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру шаралары өтті. Осындай қуанышты сәтте түлектер бас қосып, қуанышты атап өтуге асығатыны белгілі. Дегенмен, бүгінгі күні жасөспірімдердің қауіпсіздігі, алмағайып оқиғалардан аман болуы аға буынның алаңдаушылығын тудырып отыр.
Осыған орай, бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің тапсырмасына сәйкес сағат 20:00-ден бастап аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алиев пен аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ғанибек Құрманалиев және мектеп директорлары, орынбасарлары, ұстаздар мен ата-аналар бірлескен топ күшейтілген түрде түнгі рейд жұмыстарын бастады.
Бұдан кейін аудандық білім бөлімі тарапынан белгіленген бөлініс бойынша рейд жұмыстары басталды. Жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бағытталған шаралар аудан орталығымен қатар барлық ауылдық округтер бойынша бірнеше күн қатарынан жалғасатын болады.