Қызылорда қаласындағы “Мұз айдыны” спорт кешенінде Сыр өңіріне белгілі спорт ардагері, волейбол спортының дамуына ерекше үлес қосқан бірегей тұлға Алтынбеков Тұрғанбек Ержанұлын еске алуға арналған республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Бұл турнирдің басты мақсаты – өңірде волейбол спортын кеңінен дамыту және спортшылар арасында бәсекелестікті қалыптастыру.

Жарыстың ашылу салтанатына Қызылорда облысының волейбол федерациясының вице-президенті Бақыт Кенесов, спорт ардагері Юрий Федорович, Тұрғанбек Ержанұлының туған бауыры Жаңабек Алтынбеков және шәкірті Марат Божбанбаев қатысып, арда азаматтың өнегелі өмір жолы мен спорт саласына сіңірген еңбегін еске алып, сөз сөйледі. Сондай-ақ, барлық жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, шын мықты жеңіске жетуіне сенім білдірді.

Айта кетейік, бұл жарысқа еліміздің әр аймағы мен қаласынан 2007-2008 және 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдерден құралған 15 команда, 170-тен астам спортшы қатысуда. Жарыс 20 маусымға дейін жалғасады.

БӨЛІСУ