Қызылорда өңірінде Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда.
Бүгін «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен Байқоңыр қалалық көп бейінді ауруханасының аумағы қоқыс пен арамшөптен тазартылды.
Игі іске «Денсаулық» БПҰ мүшелері, қоғам белсенділері мен жастар, жалпы 40-ға жуық азамат үлес қосты. Экологиялық акция барысында 100 метр жер аумағы тазартылып, 11 қап қоқыс пен арамшөп жиналды.
«Таза бейсенбі» акциясына қатысу – әрбір азаматтың табиғатты қорғауға қосқан үлесі. Партия мүшелері туған жерін таза әрі көрікті етуге атсалысып жатыр. Әрбір жиналған қоқыс, тазаланған аумақ – болашақ ұрпаққа қалдырар аманатымыз. Біз осындай іс-шаралар арқылы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз деп сенемін», – деді партияның Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов.
Акция аясындағы тазалық жұмыстары әр апта сайын жалғасатын болады.