«AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаевтың қатысуымен партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің отырысы өтті. Қазақстан Республикасына көлік құралдарын әкелу кезінде сыбайлас жемқорлық пен контрабандаға жол бермеу жөніндегі жұмыстың жай-күйі талқыланған алқалы жиынға бейнебайланыс режимінде партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, партияның облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі аймақтық кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев, Мемлекеттік кірістер департаменті мен Кедендік бақылау басқармасы, облыстық ішкі істер департаменті өкілдері қатысты.

Кедендік тазартудан өткізу бойынша Қазақстан Республикасында жеңіл автомобильдерді кедендік рәсімдеу кезінде жалпы белгіленген тәртіп бойынша тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым, кедендік әкелу бажы, акциз және қосылған құн салығы секілді кедендік төлемдер мен салықтар алынады. 2024-2025 жылдар аралығында Департаменттің қызмет ету аясында өңірде кедендік рәсімдеуден 1 562 жеңіл автомобильдер өткен, Олардан 34 825 328 теңге кедендік алым, 885 976 538 теңге кедендік әкелу бажы, Акцизге 65 209 500 теңге, қосылған құн салығы бойынша 719 463 793 теңге, барлығы 1 705 млн теңге кендендік төлемдер мен салықтар төлетілген.

«Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында уәкілетті органда тіркеу есебіне заңсыз қойылған 1 400 көлік құралының, Департамент қызмет ету аймағында тіркелген 45 автокөлікке қатысты кедендік төлемдер мен салықтары өндіріп алу жұмыстары жүргізілуде»,- дейді сала мамандары.

Полиция департаменті мамандары егер көлік құралының бастапқы тіркеу тәртібі бойынша қандай да бір төлем төленбесе, «Сервисный центр 2.0» ақпараттық жүйесі автокөлікті есепке алуға мүмкіндік бермейді. Бұл дегеніміз, көлік құралдарының контрабандалық жолмен келіп, есепке алынбауына ешқандай мүмкіндік бермейтінін көрсетеді және полиция департаменті тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар ұдайы бақылауда тұрғандығын айтады.
Жиын соңында өңірде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар кеңінен талқыланды.

БӨЛІСУ