Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, бюджеттің тиімді игерілуі және салық базасын ұлғайту мәселелері талқыланды.

 «Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді арттыру басты міндет. Бюджеттік қаражатты уақытылы әрі тиімді игеру, сондай-ақ салық түсімдерін көбейту бағытында нақты жұмыстар қолға алынуы тиіс», – деді А.Ибраимов.

 Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, санитариялық тазалық мәселелері қаралды.

 Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі күн тәртібінде қаралған мәселелерге орай жауапты сала басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.

БӨЛІСУ