Сырдарияда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі талқыланды.

Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Димаш Байдушевтің төрағалығымен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиында екі маңызды мәселе қаралды:
Аудандық полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны А.Коштаева тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстармен бөлісті;
“Отбасын қолдау орталығының” директоры А.Төлегенова өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтап, қолдау көрсететін мобильді топ жұмысы туралы баяндады.

 Отырыс барысында Димаш Серікбайұлы тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау, әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, қиын жағдайдағы жандарға кешенді көмек көрсету – күн тәртібінен түспейтін маңызды бағыт екенін атап өтті.

Жиын соңында тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

БӨЛІСУ