Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде 479 МСАК нысанының құрылысы аяқталды, деп хабарлады бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов. Бұл ретте бұрын медициналық нысандар болмаған ауылдарда 178 нысан салынды. 301 нысан ескірген және бейімделген нысандардың орнына салынған. 2025 жылдың соңына дейін тағы 176 МСАК нысанын аяқтау жоспарлануда.

Ұлттық жобаның шеңберінде 5 климаттық және сейсмикалық аймақ бойынша эталондық жобалар әзірленді. Бұл жобалау мерзімдерін оңтайландыруға, МСАК нысандарын жобалау мен салуда шамамен 16,5 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеуге, сондай-ақ ұлттық оператор әзірлеген эталондық жобаларды қолданудың мультипликативтік әсерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Эталондық жобалардағы отандық тауар өндірушілердің үлесі 80% – дан асты.

Өткен жылы Қызылорда облысында денсаулық сақтау саласының бюджеті 146 млрд. 200 млн. теңгеге жетті. Ұлттық жоба аясында барлық ауданда 10 млрд. 200 млн. теңгеге 27 медициналық нысан салынды.

Оның ішінде, Шиелі ауданында 3 дәрігерлік амбулатория Досбол би, Бала би, «Бұланбай бауы» ауылдарында бой көтерді.

БӨЛІСУ