Партияның жұмыс жоспарына сәйкес маусым айына бүгіннен бастап аумақтық партия филиалдарын тыңдау кестесі әзірленген болатын. Бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов пен атқарушы хатшы Ләйлә Төрешова кестеге сәйкес Қазалы және Шиелі аудандық филиалдарының жыл басынан атқарған жұмысы бойынша филиал басшыларының есептерін тыңдады.

Жиында сайлауалды бағдарламаның орындалуы, қоғамдық қабылдауға келіп түскен өтініштердің оң шешілуі, партиялық жобалардың жүзеге асуы, депутаттық фракциялар және ақпараттық жұмыстар мен ішкі партиялық жұмыстар жан – жақты сараланып, жұмысты жетілдіруге қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Бұл жиындар жоспарларымызды пісіріп, нәтижелі тұстарымыздан тәжірибе алып, кемшін тұстарымызды ретке келтіруге бағытталады»,- деді өз сөзінде партия филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов.

Атап өтейік, 24 маусым күні Сырдария ауданы мен «Байқоңыр» филиалының басшылары кестеге сай атқарылған жұмыстары бойынша есеп беретін болады.

БӨЛІСУ