Маусым айының үшінші жексенбісі – әкелер күні. Отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал ететін бұл мереке көптеген әлем елдерінде бар.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университеті ұйымдастырумен өткен «Менің әкем» республикалық шығармалар байқауында жүлделі орындарға ие болған оқушыларды бүгін Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі басшының міндетін атқарушы Бағдат Камбозұлы қабылдап, құттықтады.
Айта кетейік, «Менің әкем» республикалық шығармалар байқауында Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы Ибрагим Ерболат жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Аружан Шыңғысханқызы, сонымен қатар, І.Қабылов атындағы №12 ІТ мектеп-лицейдің мұғалімі Нұрманова Өрік осы сайысқа көп оқушы қатыстырып, алғыс хатпен марапатталды.
Бұл байқауда арнайы сыйлықпен №290 мектептің оқушысы Ерасыл Абибуллаев, М.Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Аяла Абубакирқызы, Зерде мектебі Ақбота Тұрсынбай, Абай атындағы ДБА мектебінің 9 сынып оқушысы Ханпадишах Құдайберді, І.Қабылов атындағы №12 ІТ мектеп-лицейдің оқушылары Әсел Үрістембек, Наргиз Серікбаева және Айым Арыстанбек бар.