Су – адам үшін қауіпті апат. Сол апаттан судағы қайғылы жағдайлар туындап тұр. Әсіресе, балалар тағдыры ойлантады. Өйткені қорқу-үрку дегеннен бейхабар бала рұхсат етілмеген қай айдынға да баруы сөзсіз. Осыған орай қала әкімдігі, облыстық білім басқармасы, төтенше жағдайлар мен полиция департаменті өзен-канал бойында күнделікті рейдтік шаралар жүргізіп, тұрғындарға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын тұрақты жасауда. Ескертпені елемеген азаматтарға хаттамалар толтырылуда.

Бұл жерде баса айтатын мәселе – бала ата-ананың бақылауынан тысқары қалмауы қажет. Баланың беймезгіл уақыттарда ата-анасы немесе ересек адамның қадағалауынсыз жүруі оқыс оқиғаға итермелейді. Сондықтан «сақ болсаң, сақтаймын» деген ұстанымға бекем болайық!

БӨЛІСУ