Перизат Қайрат ісі бойынша шығын 3,5 миллиард теңге. Мұны Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді,- дейді Stan.kz
Қазір іс аяқталып, таныстыру процесі бітіпті. Енді өтінішті қабылдау және оларға жауап беру рәсімі жүріп жатыр екен. Бірнеше күннен соң іс прокуратураға жолданады.
Агенттік өкілі істе жәбірленуші көп екенін айтты.
Бұған дейін, 2024 жылы 14 қарашада ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінген. Сондай-ақ ол Палестинаға жиналған қаражаттан тағы 200 миллион теңге жымқырған.