Соңғы күндері желіде желдей есіп тұрған мәселе көпшілік талқысында. Рақымшылық жасалса түрмеден кімдер босатылады сауал.
Депутат Абзал Құспанның мәлімдеуінше, рақымшылыққа 15 мың адам ілігеді екен. 5,4 мың сотталған адам және пробация қызметінің есебінде тұрған 5,5 мың адам бас бостандығынан шектеуге жіберіледі. 11 мың адамның мерзімі қысқартылмақ.
Бұл 833 әйелге де қатысты. Оның ішінде 109-ы босатылады және 724-нің мерзімі қысқартылады. Әлеуметтік осал адамдар санатындағы 481 әйел (барлығы 1401) босатылады:
кәмелетке толмағандар – 2;
жүкті әйелдер – 10;
кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер/бала кезінен мүгедектер – 331;
мүгедектігі барлар – 2;
зейнеткерлік жастағы әйелдер – 136.