Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Атырауда 33 жастағы видеоблогер мен 39 жастағы қала тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олар жеке кәсіпкерден 2 миллион теңге қорқытып алды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ тінту шаралары кезінде полиция қызметкеріне күш қолданған. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қорқытып алу және билік өкіліне күш көрсету әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

БӨЛІСУ