Аяқ-қолы жоқ азаматты 10 жыл бойы қайыр сұрауға мәжбүрлегендер сотталды,-деп жазады Стан.кз
Оқиға Қарағандыда болған. Күдікті төртеу ер адам мен оның әйелін еңбек құлдығында ұстаған.
Тергеу мәліметінше, әйелі “қожайынның” айтуымен күйеуін қала орталығындағы аялдамаға апарады. Ал ер адам таңғы 08:00-ден кешкі 18:00-ге дейін қайыр сұрайды. Ал жиналған ақшаны “қожайын” өз қалуынша жұмсайды.
Нәтижесінде 4 күдікті қылмыстық топ құрғаны үшін кінәлі деп танылды. Басты айыпталушы 17 жылға, ал сыбайластары 12 жылға сотталды.