Әзілкеш Нұрлан Сабыров Мәскеу әуежайында қамауға алынды.
Ресейлік Mash Telegram-арнасының дерегіне сүйенсек, Нұрлан Сабыров көші-қон заңнамасын бұзды деген күдікке ілінген, нақты айтқанда, көші-қон есебіне тұру мерзімін сақтамаған,-дейді Стан.кз
Әзілкешке 5000 рубль көлемінде айыппұл салынған. Енді ол елден шығып, кейін заңды түрде қайта кіруі қажет.
Айта кетейік, әзілкеш Нұрлан Сабыров Ресейде аса танымал болса да, Қазақстан азаматы.