Ақшатау округінің әкімі қыз зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Alash.kz

Бұл туралы қыздың ата-анасы Патриот телеграм-арнасында айтып берді. Зейнеттегі ішкі істер ардагерлері Ақшатау ауылының әкімі Нұрлан Сейілбеков отбасылық дос болғандарын жеткізді.

«Ол бұл қызметке 2023 жылғы 17 қыркүйекте тағайындалды. Сол жылы қызымыз Айтолқын Бөкетов атындағы университетті «қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша бітірді. Мемлекеттік грантпен оқыды. Әкім – біздің отбасылық досымыз. Ол қызымызды «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында жұмысқа орналастыруды ұсынды. Ол көтерме ақы мен қызметтік үй берілетінін уәде етті. Біз келістік. Шет ауданы әкімдігінде оның кандидатурасы мақұлданды. Біз Ақшатау ауылынан үй жалдадық. Демалыс күндері қызымыз өз көлігімен бізге келіп тұрды», – дейді ата-анасы.

Бойжеткен анасына жүкті екенін айтып, жігітін таныстырған.

«Ақпан айында қызымыз маған жүкті екенін айтып, жігітпен таныстырды. Бұл жаңалықты күйеуіме айта алмадым. Сондықтан ауыл әкімін шақырып, жаңалықты айттым. Әкім бізді құттықтап, тойға жылқы сыйлайтынын айтты», – дейді қыздың анасы.

Алайда көп ұзамай әкім қыздың анасына оның жігіті туралы теріс мағлұматтар айтқан. Оның бұрын сотталғанын, қарызы бар екенін жеткізіпті.

«Шындықты айтқаны үшін ризашылығымды білдірдім. Содан кейін қызым «Үйлену тойы болмайды. Мен тұрмысқа шықпаймын» деді. Күйзелістің салдарынан қан кетіп, дәрігерлер жүйке жүйесінің бұзылуынан денсаулығы нашарлағанын айтты. Сөйтіп Майқұдық ауруханасында 10 апталық жүктілік кезінде түсік жасалды”, – дейді анасы.

Өткен жылы қызын ауыл әкімінің ұрғаны белгілі болған. Оны келіні хабарласып, айтып беріпті.

“2024 жылдың 3 мамырында қызымыз Ақшатау ауылында болғанда, келініміз қоңырау шалды. Ол Айтолқынды ауыл әкімі ұрып-соққанын айтты. Қызымыз ағасына хабарласып, көмек сұраған екен. 2024 жылдың қаңтарында ауылға іссапармен келген ер адамдар бір үйден бөлме жалдаған. Сол кезде әкім қызымызға: «Олар саған тиісуі мүмкін, мен сенің бөлмеңде түнейін» деген. Қызымыз сеніп, келіскен. Бірақ түнде әкім оған зорлық көрсеткен. Таңертең қызымыздың айтуынша, әкім кешірім сұрап, ешкімге айтпауын өтінген. Содан бастап ол қызымызға үнемі барып жүрген», – дейді ата-анасы.

Ата-анасының айтуынша, Айтолқын жиі несие алған.

«Қызымыздың айлығы аз болғандықтан, мен өзім банкке 1 миллион 600 мың теңге төледім. Ал өзі алған смарт-сағатты әкімнің қолынан көрдім», – дейді қыздың әкесі.

Қыздың ата-анасы полицияның әкімге қатысты әрекетсіздігін айтып отыр.

Шет ауданының полиция бөлімінде бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Әкімге қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Прокуратура сот алқасына жеке апелляциялық өтініш түсірген. Арыз-шағымнан кейін үйқамақ бұлтартпау шарасы өзгертіліп, күдікті қамауға алынған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

БӨЛІСУ