1,5 миллиард теңгенің субсидиясын ұрлаған шенеунік ұсталды.

Ол Ауыл шаруашылығы министрлігінің экс-директоры Бауыржан Айымбетов. Шенеунік 2018-2022 жылдары Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алуда алаяқтық әрекетке барған. Бұл істе экс-депутат Бекет Әбішев те күдікті деп танылып отыр.

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, Әбішев пен Айымбетов 29 шаруа қожалығының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланып ақша жымқырған деген күдікке ілігіп отыр.  Екі айға қамауға алынды.  Тергеу жалғасып жатыр.

БӨЛІСУ